Шымкент қаласы Бас имамының тапсырмасына орай, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамит Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен және «Әжелер мектебінің» атсалысуымен «Мумтаз» халал асханасында «Мәуліт» айының құрметіне мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік шараға қаламыздың Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Әл-Фараби ауданының кураторы Азамат Әбдікерімұлы және аудан бас имамдары мен имамдар, сондай-ақ, апа-әжелеріміз қатысты.
Сонымен қатар, рухани шараға елімізге белгілі ақындарымыз Бекзат Сәкенұлы мен Мәдіхан Тәжиев қатысып, «Зікірулла», «Нұрулла» әндерін арнап, ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауатты мен сәлемі болсын) сағыныш пен дәріптеу бағытында монологтар оқып, қазақша «Мәуліт» жырын домбырамен орындап, рухани азық сыйлады.
Сауабы мол шараның соңында, апа-әжелеріміздің ұсынуымен дін қызметкерлері мен қонақтарға сый-сияпаттар жасалды. Мәуліт мерекесі берекелі болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі