Шымкент қаласы Қаратау ауданы Galym Abdusattar Smanov мешітінде шәкірттердің арасын берік ету үшін, бір біріне деген сүйіспеншілігін арттыру үшін ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Сыйлық бер, сүйіспеншілігің артсын!» хадисіне және пайғамбар (с.ғ.с.) өміріндегі ансар-мухаджир бауырластығы тарихына сүйене отырып сыйлық беру кеші өткізілді. Дастарқан басында бауырмашылдық жайында насихат айтылып, Құран хатымы оқылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі