Қасиетті рамазан айының екінші 10 күндігіне, Шымкент қаласына қарасты барлық мешіттерде «Тазалық — иманның жартысы» атты тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Бақара сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Пайғамбарымыз (с.а.с) адамдар жүретiн жолдың үс­тiне, тынығатын көлеңкелерде, әсiресе жемiстi ағаштардың түбiнде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнiнде сахабаларға: «Екi түрлi қарғыс арқа­лау­дан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Әй, Алланың елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы» деген. (Мүслим риуаяты).

Айтулы шараға  мешіт діни қызметкерлері,  Жастар, Халал, Зекет қорының өкілдері, мешіт қауымы қатысты.

Тазалық акциясы аясында мешіттің намаз оқу залы, қабылдау бөлмелері,  мешіттің іші мен сырты, дәретханасының тазалығына аса қатты мән берілді. 

Тазалық шарасы аясында қалаға қарасты барлық мешітте ұйымдастырылып, алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38