ҚМДБ филиалы “Д.А.Қонаев” мешіті және зекет қоры ұйымдастыруымен “Рамазан айы қоржыны” атты шара аясында қаламыздағы жағдайсыз келген қаракөз қарындасымыздың отбасына ұн 5 кг, күріш 5 кг, қант 2 кг, тұз 4 кг, 5 кг макарон 1 қорап кәмпит-тәтті, азық-түлік, екі пакет жаздық киім-кешекті бас имам Д.Жомарт тарапынан берілді. Сонымен бірге мешітіміздің жастар секторының жетекшісі тарапынан “Рамазан тәттісі” атты шара аясында тағыда 2 жетім балаға тәтті силығы ұсынылды. Сонымен қатар мешітімізде күндік Рамазан ауызашар себеті 400 адамға дайындалып таратылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі