ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі –  уағыз-насихат бағыты екені белгілі.  Осы бағыттағы жұмыстар жан-жақты жүргізіліп келеді.

Бүгін  ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы шаһардың бас мешітінде  тарауих намазы  алдында  уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті Рмазан айының қадір-қасиеттері жөнінде түсіндіріп берді.  

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша  тіркелген 88 мешіттің барлығында кешкі Құптан, тарауих намазында түрлі тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38