ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан азаматтарға «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда.
Осы шараның бір көрінісі, Шымкент орталық мешітінде «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шараға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ораза ұстаған жамағатқа құттықтауын жеткізіп, үлестірді.
Сондай-ақ, игі шараға қаржылай қолдау көрсеткен Мұсақан Исақұлына алғыс білдірді. Түйіндеп айтқанда, қала бойынша 200 адамға ауызашар себеті үлестірлді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі