Кеше еліміздің барлық мешітінде соңғы үш жылда алғаш рет тарауық намазы оқылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы шаһардың бас мешітінде алғашқы тарауих намазы алдында  уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті Рмазан айының келуімен құттықтап, бір ай бойы атқаралатын иіг шаралардың жоспарын таныстырып,  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің құттақтау хатын оқып берді. Сондай-ақ, Шымкент орталық мешітінде отыз күн оразада Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 44 мешітте тарауих намазында Хатым Құран оқылуда.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38