Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде «Ақида  һәм Ихсан тағылымы» атты рухани -танымдық діни семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Мұхамеджан Естеміров,  Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудардарының барлық мешіт имамдары қатысты.

Рухани-танымдық семинарын Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қолға алынған жұмыстарды саралай келе, рухани тәрбие бағытында атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, семинар  барысында әйгілі  Әл-Азһар университетінде тәлім алған ЖАНТ мүшесі, Шымкент орталық мешітінің ұстазы   Нұрсұлтан қари Мамедалиев арнайы «Ақида  һәм Ихсан тағылымы»  тақырыбы аясындадәріс оқып, қажетті тың мағлұматтарымен бөлісті.

Рухани – танымдық шара соңында барлық қатысушыларға Ихсан іліміне байланысты ҚМДБ тарапынан берілген жұмыс жоспары түсідірілді.   

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38