Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен. Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.
Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Әкбар қажы Шәкірбай» мешітінің ұйымдастыруы мен жағдайы төмен 27 отбасына азық түлік берілді. Алла Тағала демеушілік жасаған кісілерге разы болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі