Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен. Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.
Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданы «Әділ Омар» мешітінде жағдайы төмен, мұқтаж 10 (он) жанұяға қаржылай көмек көрсетілді.
Зекетінің бір бөлігін мұқтаж жандарға таратқан кәсіпкер азаматқа ақ жаулықты аналарымыз өз ризашылығын білдірді.
Қаржылай қолдау көрсеткен жомарт жанға Алла разы болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі