Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда.
Шымкент қаласы, «Әкбар қажы Шәкірбай» мешіті қасиетті Рамазан айында130 кісіге «Ауыз ашар» себетін таратты. Сауапты іс ешуақытта көп болмайды. Ахыретте алдыңнан шығады дейді. Игі амалдарымыз көбейе берсін!
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі