С: Кебіндердің түрлері мен мәйітті кебіндеудің жай-жапсары қалай?
Ж: Оның жай-жапсары төмендегідей:
1. Сүннет бойынша ер кісінің кебіні үшеу: изар – шалбар, қамис – көйлегі, лифафа – орамал, лыпасы. Ал, ең аз түрі изар мен лифафа болуы керек. Үзірсіз жағдайда бір ғана киіммен шектелу мәкруһ саналады.
2. Изар басынан бастап аяқтарына дейін, лифафа да сондай болуы керек. Қамис жеңсіз, қалтасыз мойнынан аяққа дейін болады.
3. Бұл кебіндерге кемінде үш рет әтір себіледі. Сосын лифафа орамасы төселіп, оның үстіне изар төселінеді. Жуылған мәйіт құрғатылған соң изарға жатқызылады. Басына және сақалына хош иісті әтір суы себіледі. Сәжде жасайтын мүшелер – маңдайы, мұрны, екі алақаны, екі тізесі, табандарына жұпар иісті кафур өсімдігі қойылады. Сосын қамисы кигізіледі. Содан соң сол жағынан оң жағына қарай изармен оралады. Лифафа да осылай оралады.
4. Егер кебіннің жайылып кетуі қаупі туса екі жағынан байланады.
5. Сүннет бойынша әйелдің кебіні кеудеше изар, орамал, орама лифафа және кеудесін байлайтын хариқа – матадан тұрады. Кеудеше қамисты білдіреді. Изар, лифафа және орамал жеткілікті түрде болуы керек. Зәру жағдайларда табылған нәрсемен кебіндейді. Үзірсіз жағдайда екі киіммен шектелу мәкруһ.
6. Хариқаның ені төсінен санына дейін болуы шарт.
7. Бас жабатын орамалдың неі үш шынтақтай болуы керек.
8. Кебінделу түрі: кебіндерге тақ санмен (1-3-5-7) иіс су себіледі. Бірінше лифафа, оның үстіне изар төселініп, мәйт жатқызылады. Кеудешесі кигізіледі. Екі шашын екі бөліп кеудешесінің сыртынан кеудесінің үстіне қояды. Сонан соң осылардың үстіне орамал қойылады. Қамистың үстіне кеудесін жабатын шүберек байланады. Алдымен бірінші изар, сосын лифафа оралады. Шешіліп кететін болса екі жағы байланады.
С: Мәйіттің шашы тарала ма?
Ж: Шашы да, сақалы да таралмайды. Тырнағы алынбайды. Шашы, түктері қысқартылмайды.