Қасиетті жұма күні Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында бірінші президенті болған марқұм Ислам Каримовтың құрметіне «Ислом ота» мешітінің ресми ашылуы болып өтті.
Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және оның орынбасары Мұхамеджан Естеміровтар арнайы қатысты.
Алдымен марқұм Ислам Каримовтың құрметіне бейсенбі және жұма күндері 40 күндік асы берілді. Осы шараға облыс имамы А.Керімбек қатысып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтау хатын оқып, қазақи дәстүр негізінде иықтарына шапан жауып, сый құрмет көрсетті.
Жалпы, «Ислом ота» мешітінің сыйымдылығы 2400 адамға арналған. Екі қабаттан тұрады. Мешіттің ішінде арнайы ғылыми кітапхана, мәслихат залы, қабылдау бөлмелері мен 120 адамға арналған дәретханасы салынған. Осы мешіттің имамы Абдулкәкім қажы Мадқұловтың айтуынша, мешіттің ішкі-сыртқы арабша нақыш жазуларына таза 110 келі алтын жұмсалғандығын айтуда. Үлкен күре жолдың бойында орналасқан. Бір сөзбен айтқанда мешіт соңғы үлгіде салынған.
Бұл мешіт өткен жылы өртке ораған екен. Қайта құру жұмыстарына марқұм Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова-Тилляеваның қолдауымен салынды. Бұл мешітке ел халқының өтініштері бойынша «Ислом ота» деп қойылды. Өзбекстан аумағында 2225 мешіт ресми тіркелген екен.
Осы күні Өзбекстан діни басқармасының ұйытқы болуымен мәртебелі қонақтар ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек және оның орынбасары М.Естеміровтар бастаған бір топ делегат Самарқанд қаласы Хазреті Қыдыр мешіті жанынан жерленген марқұм Ислам Каримовтың мазарына барып, зиярат етіп, құран бағыштады.
Қазақ пен өзбек бауырлас ел. Ел игілігі жолында салынған мешіт құтты болғай!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38