С: Намазды бұзатын істер мен сөздер қандай?
Ж:Намазды бұзатын істер төмендегідей:
1. Ұмытып тамақ жеу немесе ішу.
2. Амали кәсир – көп қозғалу.
3. Әдейі дәретін бұзатын іс істеу.
4. Үш және одан да көп қадам жасау.
5. Кеудесін құбыладан басқа жаққа бұру.
6. Есінен тану.
7. Жындану.
8. Жүніп болу.
9. Арада кедергі болмай, бір орында әйелмен қатар намаз оқу.
10. Намаздың бір парызын әуреті ашық күйінде не нәжіспен оқу.
11. Өзі еститіндей күлу.
Ал, намазды бұзатын сөздер төмендегідей:
1. Әдейі не қателесіп бір сөз сөйлеу.
2. Сырттағы біреуге сәлем беру.
3. Біреудің сәлеміне тілмен жауап қайтару.
4. Уһілеу.
5. Ыңырсу.
6. Аһылау.
7. Жәннат пен тозақты еске алудан емес, қатты аурудан немесе дүниелік тауқыметтен дауыс шығарып жылау.
8. Түшкірушіге «Ярхамукумаллаһ» деу.
9. Сырттан «Алланың серігі бар ма?» деп сұраған біреуге: «Лә иләһә иллаллаһ» деп жауап беру.
10. Жаман хабар естісе «Инна лилләһи уа инна иләйһи ражиъун» деп жауап беру.
11. Жақсы хабарды естіп «Әлхамдулилләһ» деу.
12. Бір нәрсеге таңданып «Лә иләһә илләлләһ» немесе «Субханаллаһ» деу.
13. Біреуге жауап беру немесе сөйлеу мақсатында емеурінмен сөйлеу. Мысалы, сырттағы біреуге емеурінмен: «Уа, Яхья! Кітабыңды күшпен ұста»деген аятты айту.
14. Имамнан басқа кісінің қатесін түзеу.
Қырағат пен тәкбірді мағынасы бұзылатындай түрде бұрмалау. Мысалы, тәкбірдің алғашқы һамзасын созу сияқты.