Қайырымды іс жасау баршамызға ортақ міндет. Бүгіннен бастап Орталық «Ақмешіт» маска тігуді бастады. Осылайша Алла үйінің қызметкерлері және еркітілерден құралған топ игі бастаманы қолға алды. Ал, шығарылған медициналық бетперде халыққа тегін таратылатын болады.
Бұл тігін цехі 4-күннен бері медициналық маска тігумен айналысып отыр. Тігілген медициналық маскалар әлеуметтік жағдайы төмен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін тарқатылатын болады. Дайын медициналық бетпердені қаланың ерікті жастары тарқатады. Мұдағы тігіншілер мен ерікті аналар қарап отырмай, індеттен құтылу үшін пайдамызды тигізсек дейді.
Балжан Досжанова – ҚР діни мұсылмандар басқармасының әйел қыздар секторының жетекшісі.
Айта кетейік бұл игі іс-шараға кәсіпкерлермен қала тұрғындары демеушілік етуде. Сондай-ақ мұнда ерікті түрде бетперде тігіп көпшіліктің сауабын алып жүрген еріктілердіңде еңбегі адал дейді Мұхамеджан Естеміров.
Мұхамеджан Естеміров –Шымкент қаласы бас имамының орынбасары
Жұмыла көтерген жүк жеңіл, қиын жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге болу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Ө. Мырзабек