Ол бүкіл адамзат баласына шуағы мол ерекше нұр сыйлады. Алла Тағала мен Расулына деген біздің жақындығымыз, олардың назарындағы біздің сый-құрмет, дәреже-деңгейіміз оларға деген сүйіспеншілігіміздің қаншалықты екендігінде. Нақтырақ айтсақ, оларды қаншалықты жақсы көрсек, соншалықты Оның ризашылығына кенеліп, Оның ерекше мейіріміне бөленеміз. Алла Елшісінің соңынан еріп, Оны үлгі тұтқан кезде ғана нағыз бақытқа қол жеткіземіз. Өйткені Алла Тағаланың өзі Оны күллі адамзатты кемелдікке жетелеуші ұстаз етті. Мұсылманның басты міндеті − Алланы және Оның пайғамбарын тану десек, тек жақсы таныған адамның ғана шынайы сүйе алатындығы шындық.
Негізінде бұл сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін үйреткен де Алла және оның елшісі еді. Алла Тағала Құранда:
(قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَاللّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ)
«Егер Алланы жақсы көрсеңдер маған бағыныңдар, Алла да сендерді жақсы көріп күнәларыңды кешсін. Алла Тағала тым кешірімді әрі аса Рақымды» – де»
[1]деу арқылы Алла өзінің елшісіне бағынуды, соңынан еруді, үлгі алуды әмір етеді. Шындығына келгенде, Оны үлгі тұтып артынан еру тек сүйіспеншілікпен ғана жүзеге аспақ.