وَقُلِ اعْمَلُواْ فَسَيَرَى اللّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ وَالْمُؤْمِنُونَ وَسَتُرَدُّونَ إِلَى عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ«(Уа, Пайғамбар!) Еңбектеніңдер,  істеген істеріңді Алла және Елшісі сондай-ақ мүминдер көретін болады. Содан соң көмескі мен әшкерені де білуші Аллаға қайтасыңдар. Ол сендерге не істегендерің жайлы мәлімдейді деп айт»[1].

Қысқаша түсіндірме: Бұл аятта адам баласы бір күнәлі іс істеп қойған жағдайда дереу тәубе ете отырып, артынан жақсы амалдар жасауын бұйыруда. Істеген жақсы амалдары Алла құзырында дәрежесін өсіреді, қияметте пайғамбарымызбен бірге тіріледі және одан кейінгі мұсылмандар пайда көреді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38