ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен қолға алынып отырған «Мектепке жол – 2016» атты қайырымдылық шарасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінде өз жалғасын табуда.
Шара аясында қала имамы А.Абдулкамал жергілікті демеушілерді тартып, жағдайы төмен әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 40 балаға қайрымдылық көмек жасалып, толықтай мектепке арналған қажетті заттар мен сөмкелер үлестірілді.
Бұл шара облыс аумағында үлкен қолдауға ие болып, жоғары деңгейде жалғасуда.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі