Шымкент қаласы, Қаратау аудандық әкімдігінің мәжіліс залында діни мәселелер төңірегінде мәжіліс болып өтті.
Оған облыс имам орынбасары Еркебұлан Қарақұлов, Қаратау аудан әкімінің орынбасары Исамиддин Мұхиддинұлы, Қаратау ауданы орталық «Байғұт баба» мешітінің имамы Қанатбек Кенжебеков және т.б. әкімдік бөлім басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында имамдардың білім жетілдіру мәселелері, кереғар ағымдардың алын алу және жоғары және орта арнаулы оқу орындарында діни экстремизммен терроримнің алдын-алу шаралары бойынша кездесулер өткізу жәйі талқыланды.
Жалпы, ақпараттық-насихат жұмыстарына әкімдік тарапынан үлкен қолдау білдіріліп отырғандығын атап өту керек.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі