Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарттау бөлімінің ұйытқы болуымен Алматы қаласында 19-20 шілдесі күндері халал стандарттау бағдарламасы бойынша семинары ұйымдастырылды.
Семинарға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі тарапынан Шымкент қаласы «А.Қаттани» мешітінің имамы әрі халал бөлімінің жетекшісі Б.Абдірахманов қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Б.Мырзагелдиевтың арнайы сертификатына ие болды.
Осы алған білім мен тәжірибені облыс көлемінде жұмсап, бірқатар жұмыстар қолға алынатын болып шешілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі