Шымкенттік бір топ діни қызметкер Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының өкілі, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев мырзаның кешегі Қазақ елінің қабырғасын қайыстырған бес сəбидің қазасына қайғыра көңіл айтуын жеткізді. Бас имам Бақтыбай қажының бастамасымен Шымкент медресе колледжінің директоры ұстаз Талғат Әсембай бастаған шымкенттік имамдар құран хатым түсіріп сəбилердің рухына бағыштады.
Шымкенттен арнайы барған діни қызметерлер бес сәбидің мазарына барып, хатым етілген құранның сауабын бағыштап дұға жасады.