Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бастаманы қолға алу барысында жасалып жатқан шаралардың бірі, оқу орындарында студенттермен кездесулер өткізу.
Осы орайда Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет Нұрматұлы «Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық» университетінде жастармен жүздесті.
Бас имам өз кезегінде жастардың қоғамның қозғаушы күші екендігін және жарқын болашақтың кепілі егендігі жайлы сөз қозғады. Сонымен асыл дініміздің бейбітшілік пен бірлікті көздейтінін, экстремизм мен терроризмнің асыл дінімізге қатысы жоқ екендігін ашықтады. Діни сауатын арттырғысы келетін жастарды тек діни басқармасының қызметкерлеріне жүгінуге шақырды. Мұнымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтардың бірі жуырда ғана атқарылған «Жусан» операциясы мән-маңызы туралы түсіндіріп өтті.
Алла сүйікті отамызды түрлі бәлекеттерден сақтап, ынтымақ пен бірлігімізді арттырғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі