2019 жыл-«Жастар жылы» аясында дөңгелек үстел өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті қазақстан халқына жолдауы баршамызға мәлім. Президенттің жыл сайынғы халыққа  Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін бергендігі және бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажеттілігі  айтылды. Сонымен қатар, Елбасымыз өз сөзінде  2019 жылды- «Жастар жылы» деп бекітті. «Жастармен отбасы  институтын кешенді қолдау  мемлекттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»-деді

Осыған орай Шымкент қаласының өкілдігіне қарасты жастар ісі секторы Шымкент қаласының белсенді  жастарымен кездесіп Елбасы жолдауын талқылап, келесі жылға жоспар құрылды.

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев  қатысып жастармен пікір алмасып, жастардың көкейінде жүрген, дін төңірегіндегі сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында өкіл имам кездесуге келген жастарға сәттілік тіледі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38