Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында Шымкент шаһарына Өзбекстандық бір топ имамдар арнайы келіп отыр. Келген қонақтар алдымен Шымкент қаласының бас мешітіне ат басын тіреді. Делегацияны Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев күтіп алып, бас мешітті аралаттырып, мешіттің ұжымымен таныстырды. Сондай-ақ Шымкент өкілдігінің жергілікті ақпараттық насихат тобының имамдарымен жүздесіп, жат ағымдармен жұмыс жәйлі тәжірибелік алмасулар болды. Әріқарай Шымкенттің бірқатар мешіттерін аралап, танысып шықты. Және де Шымкент қаласындағы киелі орындарды зиарат етіп, тамашалады. Бұл дәстүр тек қана науқандық қана емес алдағы уақытта да ұдайы жалғасын таба беретін болады. Бүл екі елдің арасындағы рухани ынтымақтастықты кеңінен насихаттау болып табылады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі