Шымкент қаласындағы «Айқап» мешіті жанынан ашылған «Әйелдерге арналған діни сауат ашу курсы» белсенді жұмыс жасауда.  Діни курста жоғары білімді, өз саласының мамандары дәріс береді.

«Әйелдерге арналған діни сауат ашу курсында»,  ҚМДБ рұқсатымен бекітілген, Құран кәрімді оқуды үйрену, иман шарты, мұсылмандықтың шарты, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) өмірбаяны және мұсылман этикасы сабақтары жүргізіледі. Қосымша ретінде аптасына бір рет «отбасындағы мұсылмандықтың шарты» аясында уағыз өтіледі.

Бір жыл ішінде 200- ден аса, қыз-келіншектердің көпшілігі жоғарыда аталған пәндер бойынша 3 айлық курсты тамадады.  Ал қазіргі уақытта діни сауат ашу курсында тұрақты 40 шақты қыз-келіншек ілім алса, сабақтардан тыс уағызға келушілер саны 50-ден асады.

Жақында курста, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) өмірбаяны пәнінен ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақ ерекше өтті. Өйткені тәжірибелі, педагогика және психология маманы Халбибі ұстаз 45 минут ішінде Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у)  уахи келгенге дейінгі өмір тарихын «сын тұрғысынан ойлау» әдісі арқылы пысықтап өтті. Бұл сабақта, ұстаздар – әрекетке бағыттаушы мен ұйымдастырушы болса, шәкірттер – өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, білгенін талдап, білмегенін өзі зерттеп, бірлесе жұмыс жасауға үйренеді.

Алдағы уақытта «Айқап» мешіті жанынан ашылған «Әйелдерге арналған діни сауат ашу курсынан» жоғары дәрежелі іс-шаралар күтеміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38