Жылдық жұмыс жоспары таныстырылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде қала, аудан имамдарының жылдық жоспарға байланысты кезекті жиналысы өтті.

Жиыналысты ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, жүргізіп отырды.

Жылдық жоспар мәтінін өкіл имам орынбасары Мұхамелдан Естеміров таныстырды. Жылдық жоспар 20 бөлімнен тұрады.

Оның ішінде ЖАНТ жұмыстары, жастар ісі бойынша, жеке кездесу, жат ағымдардың алдын алу, діни сауат ашу курстары, түрлі деңгейдегі рухани кештер мен іс шаралар, қайырымдылық бағыттығы жұмыстар т.б. мәселелер кеңінен енгізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38