ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Абдікерімұлы мен «Ақарас» мешітінің имамы Арыстан Оспановтардың ұйытқы болуымен Сайрам ауданы, Ақарыс ауылдық «Ақарыс» мешітінде жастар  арасында Құран жарысы болып өтті.

 Жастар арасындағы жарысқа іріктеуден өткен 19 қари қатысты. Олардың ішінде топ жарған мына қариларды атауға болады.

Бас жүлдені Уалиев Шоқан  иеленді (екі жүз мың теңге). Құрбаналиев Давлат (жүз елу мың теңге), Тоқтаназаров Абдінайым (жүз мың теңге) берілді. Қалған қатысушыларға алғыс хатпен он мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы берілді.

Жалпы жүлде қоры бір миллион теңгені құрады. Бұл Құран жарысының демеушісі  Бөбейевтер әулетіне Алла разы болсын.

 

 

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38