Шымкент. 5 наурыз. SHARIGAT.KZ – Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Зекет» корпоративтік қорының оқу-жаттығу семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары,  Тексеру комиссиясының және Зекет қорының мүшелері қатысты.

Басқосу жиынын өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп отырды. Алдымен Шымкент қаласы бойынша «Зекет» корпоративтік қорының өкілі Айбек Азимбаевтың атқарған жұмыстарының есебі және алдағы іс-шаралар жоспары тыңдалды.

Осыдан кейін,  жаңадан жасақталған  Зекет қорының  Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіт жанынан құрылған жаңа құрамы таныстырылып, оларға алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстары туралы нақты тапсыралар берілді. Оның ішінде, Зекет қорының жұмысын насихаттау,  баннерлер, кітапшалар мен парақшалар шығару, қор есепшотына қаржы құю мәселелері, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, Зекет қорның базасын қайта жасау, түрлі бағытта тәлімді һәм қайырымдылық бағыттағы шараларды өткізу  сынды тапсырмалар берілді.

Қорыта айтқанда, Шымкент қаласы бойынша «Зекет» корпоративтік қорының атқарған жұмыстарына оң баға беріліп, алдағы жұмыстары сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38