IMG 144

IMG 144

Төлеби ауданы Қасқасу елді мекені Әл-Баари мешіті Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен имамдар алдына қойған төрт бағыттың бірі –халықтың және соның ішінде жастардың діни білімін арттыру мақсатында жаз мезгілінің 2 ай уақытын діни сауат ашу курстарын ұйымдастырып, тәмамдады.
Осы бағыт бойынша Аудан бас имамы Анарбаев Самат Жазғы діни сауат ашу курсын бітірген шәкірттерге дайындалған Алғыс хаттар мен сертификаттар, шәкірттер арасында өткен білім сайысында ерекше білімімен көзге түскендерге арнайы сыйлықтар берілді. Ауыл имамның ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдаланғаны үшін алғыс айтылды. Мектеп жасындағы 140-тан аса ұл-қыз шәкірттер араб тілі әріптері, ата-ананы сыйлау, ахлақ, Құран сабақтарын үйреніп, Ислами тәлім-тәрбиемен сусындады.

Төлеби аудандық «нұр» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 135

IMG 136

IMG 137

IMG 140

IMG 141

IMG 142

IMG 143

IMG 144

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38