Туысыңызбен қатынасыңыз түзу болсын.

Алла Тағала ғана жалғыз. Басқамыздың бəріміз бауырлымыз. Осыған шүкіршілік етпесек, күпірлік қылған боламыз.
Ислам діні – ағайынмен ара-қатынастың татулығын дəріптейді. Алла Тағала туысқанмен байланысын үзген адам араластығын құраластырмайынша құлшылықтарын қабыл алмайды.
Пайғамбарымыз с.а.у бауыр біткенмен туыстық қатынасын үзген жандардың жəннатқа кірмейтінін айтқан. Ал, мұсылман бұл дүниеде не үшін жүр, жəннат үшін емес пе?
Ендеше жаннатқа кірер бір есіктің кілті туыспен байланыстың туралығында.
Түркістандық жамағатқа Шымкент қаласының бас имамы туыстық қатынас турасында Ақшам уағызын айтты. Бақтыбай қажы Бейсенбаев: “Бірде Пайғамбарға с.а.у бір кісі келіп мені жаннатқа жақындататын амалды айтып беріңізші деген де Аллаға ортақ қоспай құлшылық жаса, туыстық қарым-қатынасты үзбе деген”,- деп, туыстық қатынастың уəжіп екенін жеткізді.
Түркістан облыстық Қожа-Ахмет Яссауи мешітіне ғалымның уағызынан соң жамағатпен ихсан дастарханында рухани əңгіме жалғасын тапты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38