Азаншының сөздерін қайталап, тек «Хаийә ъаләс- саләһ» және «хаийә ъаләл фәләх» дегенде

لاَ حَوْلَ وَ لاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللهِ

«Лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһ» – дейді.

Азаншы куәлік сөздерін айтқанда азан естуші: «Мен де Алладан басқа ешбір тәңір жоқ, Ол біреу-ақ, Оның серігі жоқ екендігіне және шынында Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың құлы әрі елші-сі екендігіне куәлік беремін. Алланы Раббым, Мұхаммедті (с.ғ.с.) Пайғамбарым, Исламды дінім деп ризалық білдірдім»- дейді.

وَأَنَا أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِ لاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وأن محمداً عبده ورسوله، رَضِيتُ بِاللهِ رَباًّ، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولاً، وَبِاْلإسْلاَمِ دِيناً

Уә әнә әшһәду әллә иләһә әлләллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әннә Мухаммәдән ъабдуһу уа расулуһ, радыйту билләһи раббән, уә би Мухаммәдин расулән, уә бил – исләми динән

Азаншының айтқан сөздеріне жауап қайтарған соң Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтады да былай дейді:

اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلاَةِ الْقَائِمَةِ، آتِ مُحَمَّداً الْوَسِيلَةَ وَالْفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَاماً مَحْمُوداً الَّذِي وَعَدَتَّهُ، إِنَّكَ لاَ تُخْلِفُ الْمِيعَادَ

Аллауммә раббә һәзиһид- дәъуәтит тәммәһ, уәссаләтил қа-имәһ, әти Мухаммәдәнил уәсиләтә уәл-фадыйләһ, уәбъасһу мәқамән-Махмудәнил-ләзи уә-ъадтәһ, иннәкә лә тухлифул- миъад

«Я, Алла! Сен осы толық азанның әрі осы орындалатын намаздың Раббысы-сың! Мұхаммедке (с.ғ.с.) уәсиләні[1] және жоғары дәрежеңді бере гөр! Әрі Оны Өзің уәде еткен мақтаулы орынға бағыттай гөр!» Шын мәнінде сен уәдеңді бұзбайсың».

Азан мен қамат арасындағы уақытта әркім өзі үшін ізгі тілек тілейді. Өйткені, бұл уақытта айтылған тілек кері қайтарылмайды.

[1] «Уәсила» деп жәннаттағы ең жоғары орынға айтылады.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38