Нұғман ибн Бәшир (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте:

«Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір – біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді.  (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – деп айтты» – делінген . [2]

حدثنا يحيى بن بكير: حدثنا الليث، عن عقيل، عن ابن شهاب: أن سالما أخبره: أن عبد الله بن عمر رضي الله عنهما أخبره:أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: (المسلم أخو المسلم، لا يظلمه ولا يسلمه، ومن كان في حاجة أخيه كان الله في حاجته، ومن فرج عن مسلم كربة فرج الله عنه كربة من كربات يوم القيامة، ومن ستر مسلما ستره الله يوم القيامة).

Бізге Яхия ибн Бәкір, Бізге Әл – Ләйс Ақилден, Ибн Шиһабтан: Расында Сәлим оған былай деді: Расында  Ибн Омар (р.анһума.)  оған былай деп   жеткізген хадисте:

«Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Аллаһ тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Аллаһ тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Аллаһ тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады», – деп  айтты» – делінген 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38