Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласы орталық «Halifa Al-Nahaian Аqmeshitі» мешіті жанынан «Қажылық оқу орталығы» ашылды.


«Орталықтың негізгі мақсаты – қажылық рәсімі мен Алла үйін зиярат етудің тәртібі мен ережесін түсіндіру, саны мен санасын арттыру. Мұнымен қатар, қажылыққа ниет етушілерге қысқа мерзімді оқу-дәрістер ұйымдастырып, жан-жақты мәлімет беру болып саналады», – деді Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев.
Аталмыш орталыққа жетекшілік ету жұмыстарына тәжірибелі маман ретінде Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров бекітіліп, оның көмекшісі болып Азамат Әбдікермұлы мен Алижан Анафияевтар белгіленді.
Айта кету керек, қажылық жұмыстарын кеңінен насихаттау үшін «Тауаф» қажылық компаниясының жарнамалық баннерлері қаладағы барлық мешіт ауласына ілінді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38