ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде  Елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV Республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында «Зияткер имам» атты аймақтық имамдар форумы ұйымдастырылды.

         Форум жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Және форумда қабылданған құжаттардың маңыздылығына айрықша тоқталды.

         Осыдан кейін, қалалық мешіттің найб имамдары Қазыбек Сарыбаеав  «Ас беру мәдениеті», Мұхамеджан Естеміров «Зияткер имам» және  Жансейіт Қалманов «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттары таныстырып, баяндама жасады.

         Сондай-ақ, форум қорытындысы бойынша Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы аталмыш құжаттар жұртшылық арасында кеңінен насихаттау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қалалық мешіттің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38