Бүгін, Шымкент қаласының «Жастар» секторы мен Абай ауданы «Масжиду Рохман» мешітінің ұйытқы болуымен «Пайғамбарға (с.а.с) сағыныш» атты шара ұйымдастырылды.

Игі шара барысында қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков уағыз айтып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді.

Шара барысында жастардың білімге деген құштарлығын артту үшін  сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, үздік  қатысушыларға арнайы сый-сипаттар  табысталды.          Осындай пайдалы шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38