Бүгін,  Шымкент қаласы «Оңтүстік» телеарнасында апта сайын тікелей эфирде жұмадағы жүздесу имандылық хабарында Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Абай өсиеттері» атты еңбек көрермен қауымға таныстырылды.

Арнайы хабарға қатысқан кітап авторы Шымкент қаласы бас имам орынбасары, дінтаушы-магистр Мұхамеджан Естеміров таныстырып, Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ тарапынан атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді.  

 Жалпы, кітапқа «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу-әдiстемелiк кеңесiнде талқыланып,  оң қорытындысы беріліп, баспаға ұсынылған. Сондай-ақ, кітапқа  ОҚМПУ, Оқу және оқу әдістемелік істер жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Б. Исабектің.  ОҚМПУ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.Алтыбайұлы өз пікірлерін білдірген.

Оқырманға кеңінен таныс болу үшін кітап авторы қалалық кітапханаға, жоғары және арнаулы оқу орындарының кітапханалары мен медреселерге үлестіруді жоспарлауда.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38