ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде РАНТ мүшесіне құрмет көрсетілді
Жуырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ бас кеңсесінде өткен алқалы жиында дестурктивті ағым өкілдеріне түсіндіру шаралары белсенді түрде жүзеге асырып, нәтижесі жұмыс көрсеткен бірқатар РАНТ мүшелері мен бірге дінтанушы, РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұловта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Айда Ғалымқызының арнайы алғыс хатымен марапатталған болатын.
Белсенді жұмыстары үшін РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұловқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ұжым алдына ризалық білдіріп, шапан жауап айрықша құрмет көрсетті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38