Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында
«Qurbank2020» онлайн арқылы құрбандық тапсырыс беру үрдісі тұңғыш рет қолға алынды.
Нәтижеде жоқ емес, төтенше жағдайды ескеріп, еліміз бойынша өте сәтт жүзеге асырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов бастап, Шымкент қаласының бүкіл имамдары, ұстаздары толық қатысып, бәрі бір жұдырықтай ат салысып онлайн сойылған құрбандықтардың етін мұқтаж отбасыларға толығымен мекен жайларына жеткізіп берді.
Осы шараға қолдау көрсеткен барша азаматтарымызға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38