Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамалары аясында Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласы орталық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» мешіттінде Онлайн Хатым Құран оқу басталды.
Қасиетті Құран Кәрімді күн сайын тұрақты бесін намазы уақытында Шымкент қаласы орталық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» мешіттінің найб имамдары, қариларымыз Мейірбек Сәрсенбаев пен Азимбек Қарабековтер «YouTube» каналы арқылы әлеуметтік желілерде тікелей онлайн хатым Құран оқып, дұғасы жасалуда.
Айта кетсек, ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахмановтың ұйымдастыруымен «30 күнге 30 хатым» жобасын қолға алып, қаладағы 30 мешіттің білікті имамдар мен ұстаздары бір парадан оқып, күніге хатым етілуде.
Бұл оқылған хатым Құранның батасы кешкі Тарауих намазы тұсында жасалуда.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38