Бүгін, қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен бірқатар мешіт имамдары жаңа қызметке тағайындалды.

         Ресми таныстыру шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығын оқып, таныстырды.

         Атап айтқанда,  Шымкент қаласы Жастар секторының  бұрынғы өкілі Азамат Әбдікермұлы Шымкент қаласы бойынша іс басқарушысы болып тағайындалды.

         Және Шымкент қаласы Абай ауданы «Абдурахман» мешітінің бұрынғы бас имамы Исмайл Панов, Әл-Фараби ауданы «А.Қаттани» мешітіне найб имам болып тағайындалды.          Ал «Абдурахман» мешітіне Шымкент орталық мешітінің бұрынғы найб имамы Нәзірхан Тасходжаев бас имам болып бекітілді.

         Мұнымен қатар, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы міндетін уақытша тәжірибелі һәм білікті маман ретінде Берделы Жәмішке жүктеп, таныстырды.

         Сондай-ақ,  Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Әл Біләл» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Еркебұлан Қарақұлов ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің 1-ші найб имамы болып тағайындалды. Ал оның орнына көп жылдық тәжірибесі бар, бірнеше аудандық мешіттің бас имамы қызметінде болған Қалдаров Берік Жақыпбекұлы Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл Біләл» мешітінің бас имамы болып тағайындалып, қызметіне кірісті.

         Барлық әріптестерімізге қызметте табыс, абырой һәм жетістіктер тілейміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38