Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» атты қайырымдылық айдары аясында ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әл Муслим мешітінің және жанашырлық танытқан азаматтардың ұйымдастыруымен 30 жағдайы төмен отбасы балалары мен жас тағдырында-ақ жетімдік қамытын киген тұл жетім балаларға «Gravity» ватуутқа секіру ойын орталығында бір күндік тегін ватуутта секіру ойын шарасын ұйымдастырды. Балалар тағдыр тауқыметін шекпесін деген ақ ниетпен өткізілген шара сәбилерге шынайы шаттық сыйлады. Алаңсыз ойынға беріліп, асыр салып ойынға берілген балалар ерекше қуанышқа ие болды. ҚМДБ на, демеуші болған барша азаматтарға алғыстарын білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38