Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров Шымкент медресе колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында Шымкент медресе колледжінің 2019 жылы бітіретін түлектерімен кездесіп, оларға Діни басқарманың сан салалы жұмыстары мен дін саласындағы қызметтің мән-маңызына айрықша тоқталды.

Сондай-ақ, медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың басшығымен қолға алынып отырған жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, медресе аумағында шағын футбол алаңының құрылысы және шәкірттерге арналған асхана құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысындар алдағы мамыр айында толық пайдалануға беріледі.

Мұнымен қатар, медресе колледжінің 3 тоннаға жуық ет сақтайтын тоңазтқыш қоймасы толық пайланауға берілді.

Жалпы, медресе колледжінің жыл сайын әлеуеті мен білім беру сапасы артып келеді.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38