Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент медересе» колледжі 5 жылға институционалдық аккредиттеу 23.05.2020-ж. IA№ 01-48 туралы  куәлігіне ие болды.

         Елордамызда орналасқан  «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» ұйымы бақылаудан өткізу нәтижесінде институционалдық және мамандандырылған аккредитация шеңберінде 5 жылға куәлік берді.

          «Оқу орынның  инфрақұрылымы мен оқыту деңгейі және оқу үдерісі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына негізделген типтік жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік стандарттарға сай деп танылып, колледждің  алдағы оқу жылдарына қызмет ету мүмкіншілігі берілді», – деді «Шымкент медересе» колледжінің директоры  Талғат Әсембай.

         Айта кету керек, жуырда ғана ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен тағайындалған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тікелей ұйымдастыруымен жүзесе асырылды.

         ҚМДБ-ның төрт бағытына сәйкес, Бас имамның ең негізгі басымдық берілетін жұмыстары – діни оқу орындарының метериалдық және әлеуметтік мәселелері  мен білім деңгейін жан-жықты дамытуы һәм көтеруге бағытталмақ.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38