Тәуелсіздік және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекесі аясында Шымкент орталық мешіті дінді жаңадан үйренушілерге  «Намаз үйренейік» атты кітап үлестіру шарасын ұйымдастырды.

         Шараға қалалық мешіттің  найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы өкілі Қазыбек  Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және «Әжелер» мектебінің мүшелері қатысты.

         Шара барысында Еркебұлан Қарақұлов уағыз айтып, қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың сәлемін жеткізді. Осыдан кейін, Қазыбек Сарбыаев сөз алып,  халал мәселелері және ҚМДБ-ның 30 жылда жетістіктері жөнінде кеңінен айтып берді. Сондай-ақ, кітапты әзірлеген Мұхамеджан Естеміров шағын кітапта намазды жаңадан үйренушілерге қажетті  мағлұматтар толық енгізілгендігін және ханафи мазһабы негізінде жазылғанын атап өтті.

         Шара барысында «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл қажы Жұмабекқызы сөз алып, ҚМДБ-ның  30 жылдығы аясындағы игі жұмыстарға дән риза болып,  ақ тілектерін жаудырды.  

         Осы тұса, «Намаз үйренейік» атты кітапқа қаржылай қолдау көрсеткен «Әжелер» мектебі мен мешіт жанындағы «Тауаф Қажылық» тобының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз. Жалпы, 3000 данамен жарық көрген кітап мешіттерге тегін үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38