Бүгін қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде Пағамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге Мәуліт айының құрметі мәулт жыры оқылып, салауаттар жолданды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Абдрахманов, найб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Қазыбек Сарыбаев және дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев, Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Мұрат Тастанбековтер қатысып, мәуліт жырын оқыды.
Игі шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, насихатталды. Шара соңында Құран бағышталып, Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Нұрматұлы арнайы елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті.

ҚМДБ Шымкент орталық мешіті баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38