Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде  интернет және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануға арналған отырыс ұйымдастырылды.

Аталмыш отырысты Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Негізгі мақсат – әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттің салдарынан мешіттердің уақытша жабық болуына байланысты мешіт имамдарының онлайн уағыз-насихат жұмыстары мен  діни дәріс жүргізуде әлеуметтік желі тиімді пайдалану туралы түсіндірме жүргізілді.

Сондай-ақ, мешіт имамдарына діни бағытта сайттарға мақалалар жазу, діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ /muftyatkz_KMDB/» және «Хикмет студиясы /Hikmet TV/» ютуб каналы мен  Шымкент орталық мешітінің «Iman.kz» ютуб каналдарының оқырмандар санынан артуына үлес қосу, насихат ету сынды мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, жиын барысында  мешіт имамдарынан құралған «Qalam-tor Shymkent» топ мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдалып, алда атқаратын жұмыстары туралы нақты тапсырмалар берілді.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38