Ия. Қаламыздың мұмтаздай таза болуы қалалық «Лтд-Тұрмыс» ЖШС тазалақ бөлімінің қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі екендігі баршаға аян. Олар жаз маусымында көшелердің тазалығы мен көкалдандырумен шұғылданса, қыс айларында қар-судан тазалайды.
Осы қызмектерлерге Шымкент қалалық «Жастар ісі» секторы мен ерікті топ мүшелері Шымкент орталық мешітіндегі «Мұмтаз» дәмханасына дастархан жайып құрмет көрсетті.
Игі шараға Шымкент қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков уағыз айтып, атқарылып жатқан жұмыстардың мол сауап екендігіне айрықша тоқталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38