Бүгін қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылардың іріктеу жарысы жекеленген және онлайн форматта  ұйымдастырылды.

         Жарысты дінтанушы  Азамат Әбдікерімұлы жүргізіп отырды. Алғашқы құттықтау сөзді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов алып, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған республикалық деңгейде өтетін жарыстың маңыздылығына айрықша тоқталып, іріктеу жарысына қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Жарысқа барлық талаптары мен ережелерінен өткен 25 азаншы іріктелініп, қатыстырылды. Іріктеу жарысына білікті һәм тәжірибелі имам, ұстаздар төрелік етті.  Атап айтқанда,  қаланың бас имам Бақдәулет Нұрматұлы, найб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Қазыбек Сарыбаев және ұстаз Нұрсұлтан қари Мамедалиевтер әділ бағаларын берді.

         Іріктеу жарыстың ережелері мен  талаптарынан  сүрінбей өтіп,  бірінші орын иегері Әл-Фараби ауданы «А.Қаттани» мешітінің азаншысы Самат Шыналиевке республикалық азаншылар жарысына жолдама берілді.

         Айта кетсек,  жарыста жүлделі орын алған  азаншыларға сый-сияпаттар мен диплом берілсе, ал қалған қатысушы азаншыларға қала имамы атынан алғыс хат табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38