Шымкент қаласы орталық мешіті жанынан «Имамдар алаңы» имандылық бағдарламасы көрерменге жол тартты.


Бұл бағдарлама Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жоба жетекшісі әрі iman.kz сайтының әкімшісі Азамат Әбдікермұлының айтуынша, бағдарламаға ЖАНТ мүшелерінен құралған білікті һәм елге танымал имамдар іріктеліп алынды.
Әр бағдарламада ҚМДБ-ның шығарған пәтуалары, түрлі ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, руханият, жастар тәрбиесі т.б өзекті тақырыптар арқау етіледі. Бағдарламаның толық нұсқасы Instagram және YouTube желілері арқылы таралуда.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38