ҚМДБ-ның «Әр аптаға бір шара» жоспары аясында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғынүй алабында  қалалық «Халал Даму» бөлімінің ұйымдастырымен «Халал ас – денсаулық кепілі» атты офлайн түрінде семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинарды қалалық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушы-жетекшісі Қазыбек Сарыбаев арнайы қатысып,  ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің директоры Айбек Асқарбекұлының сәлемін жеткізіп,  халал бағытындағы жұмыстар туралы кеңенен дәріс оқыды.  

Дәл осындай кездесу бұрын ҚМДБ тарапынан шұжық шығару сертификатына ие болған үш кәсіпорынның барлық басшылары және мал соятын қасапшылары мен цех технологтары, т,б, қызметкерлеріне қосымша халал тағамның шариғат тұрғысынан һәм денсаулыққа пайдалары туралы ақпараттық-насихаттар жүргізілді.

Мұнымен қатар, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде осы ауданға қарасты Абдулла-Абад тұрғынүй алабындағы «Нұр-Дәулет»  шағын шұжық өндерітен цех басшылығы «Халал Даму» бөлімінің сертификатын алу жөнінде келісімге келіп,  өтініш-құжаттары діни басқармаға жолданды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38